Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ЕЛ БИЛЕГЕН КӨШБАСШЫ ӘРІ МЫРЗАЛЫҒЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТАНА МЫРЗА ТІЛЕМІСҰЛЫНА АРНАЛҒАН «АЛАШҚА ТҰЛҒА БОЛҒАН – ТАНА МЫРЗА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР-МҮШАЙРАСЫ

|
📷
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ЕЛ БИЛЕГЕН КӨШБАСШЫ ӘРІ МЫРЗАЛЫҒЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТАНА МЫРЗА ТІЛЕМІСҰЛЫНА АРНАЛҒАН «АЛАШҚА ТҰЛҒА БОЛҒАН – ТАНА МЫРЗА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР-МҮШАЙРАСЫ

|

«Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты республикалық жыр-мүшайрасының 
                                                                    ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. «Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшайрасының қорытындысы 2026 жылдың  маусым айында  Абай облысы, Ақсуат ауданында жарияланады;
2. ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
2.1. Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын  Тана Мырза Тілемісұлының есімін жас  ұрпақ санасында жаңғырту,  ұлтжандылық қасиеттерін арттыру, ерлігін дәріптеу арқылы ұлт рухын асқақтату;
2.2. Ұлттық әдебиетімізді   рухты, тың туындылармен толықтыру, қазіргі қазақ поэзиясының талантты өкілдерін қолдау, жаңа есімдердің танылуына жол ашу:
 
3. ЖЫР МҮШАЙРАСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ:
3.1.Байқауға екі тақырыпқа арнап жазылған шығармалар қабылданады:
1. «Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты  Тана Мырза Тілемісұлы  туралы поэзиялық шығармалар;
2. Еркін тақырыптағы өлең;
3.2  Жыр мүшайрасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
3.3. Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 шрифт), жол арасы 1 интервал) Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
3.4. Жыр мүшайрасына бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа шығармалар ғана қабылданады;
3.5. Тақырыпқа сай келмейтін, көркемдігі төмен шығармалар қазылар алқасына ұсынылмайды. 
3.6. Жүлде қорын ұйымдастырушылар тарапы өзгерте алады. 
3.7. Мүшайраға қатысушы шығармасын, қысқаша өмірбаянын, суретін,  байланыс нөмірін tana_myrza@mail.ru эл. поштасына   жібереді. 
3.8. Жүлдегерлердің жол шығыны жіберуші жақтан төленеді;
4. ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ МЕРЗІМІ:
4.1. Жыр мүшайрасына қатысатын шығармаларды 2026  жылдың  мамыр айына дейін жіберуі тиіс ;
4.2. Қабылданған шығармалардың ішіндегі  ең үздік өлең авторлары  2026 жылы масуым айында Абай облысы, Ақсуат ауданында марапатталады. 
5. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:
5.1. Қазылар алқасы танымал ақындардан құралады. 
6. ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
Бас жүлде – 800 000
І орын – 550 000 теңге 
ІІ орын - 450 000 теңге.
ІІІ орын - 300  000 теңге
Арнайы жүлде - 150 000  теңге (үш адамға)

Ұйымдастырушы: 
Тана Мырза атындағы қоғамдық қоры 
 

Menu