Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Нұртілеу Иманғалиұлының рухына арналған дәстүрлі республикалық бильярд турнирі өтті

|
📷 ашық дереккөзден алынды
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Нұртілеу Иманғалиұлының рухына арналған дәстүрлі республикалық бильярд турнирі өтті

|
ашық дереккөзден алынды

Елорда төрінде ел есінде мәңгілік сақталған тұлға — Нұртілеу Иманғалиұлының рухына арналған дәстүрлі республикалық бильярд турнирі биыл алтыншы рет шымылдығын түрді, деп хабарлайды Aristocrat.biz.. Жыл сайын мазмұны тереңдеп, мәртебесі биіктеп келе жатқан бұл дода тек спорттық сайыс қана емес, тағылым мен тағзым тоғысқан тағылымды алаңға айналып отыр.

Қазақстанның әр қиырынан жиналған кіл мықтылар — өнер мен мәдениет майталмандары, ғылым мен әдебиет өкілдері, сондай-ақ жасыл үстелде талай мәрте топ жарған тәжірибелі тастаяқшылар бұл жолы тек жеңіс үшін емес, ардақты азаматтың рухына құрмет көрсету үшін бас қосты. Әр қатысушының жүрегінде бір сағыныш, бір ілтипат бар еді. Бұл – ұстазға, тұлғаға деген шынайы ықыластың көрінісі.

Іс-шараның шырайын арттырған сәттердің бірі — Нұртілеу ағамыздың өмірлік серігі, аяулы жары Қарлығаш Табылдинованың арнайы Алматыдан келіп, турнирдің ашылу рәсіміне қатысуы болды. Ол жиналған қауымға жүрекжарды тілегін арнап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұйымдастырушылар тарапынан көрсетілген құрмет пен ілтипат та көпшіліктің көңілін тебірентті. Сонымен қатар, қазақтың біртуар азаматының рухына арнап құран бағышталып, ас берілді — бұл шараның рухани мәнін тереңдете түсті.

Дәстүрлі турнирдің ұйытқысы — Нұртілеу ағамыздың шәкірті,Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының  басшысы, ұйымдастырушылық қабілетімен танылған Нұрділдә Ораз. Ал жарыстың бас демеушісі — елге белгілі меценат Дулат Тастекеев. Осындай азаматтардың қолдауы арқасында турнир жыл сайын жаңа деңгейге көтеріліп келеді.

Таңғы сағат тоғызда басталған дода түнгі онға дейін үздіксіз жалғасты. Жасыл үстел үстіндегі әр партия — тұтас бір хикая. Әр соққы есеппен, әр қозғалыс сабырмен жасалды. Тыныштықты тек шарлардың бір-біріне соғылған сыңғыры ғана бұзып, көрерменнің ішкі толқынысын арттыра түскендей. Кей сәттерде ойын тағдыры бір ғана дәл соққыға тіреліп, жанкүйерлердің демін ішіне тартып отырғаны байқалды. Қапы кеткен бір соққы қарсыласқа үміт сыйласа, мінсіз орындалған комбинациялар нағыз шеберліктің шыңын көрсетті.

Шамамен елуге жуық қатысушы бақ сынаған бәсекеде үздіктер анықталды. І орынды журналист, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан жеңіп алды. ІІ орын алаштанушы-ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қайрат Сақ еншісіне бұйырды. Ал ІІІ орынды 78 жастағы ардагер ойыншы Бораш Жарылқағанов иеленіп, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. IV орынды журналист Ербол Ерденбек қанжығасына байлады.

Бұдан бөлек, жарыс барысында бірқатар қатысушы түрлі номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Алайда бұл додадағы ең басты жеңіс — бірлік пен құрмет, рухани сабақтастық еді.

Осындай игі шаралар арқылы Нұртілеу Иманғалиұлының жарқын бейнесі халық жадында жаңғырып, оның өнегелі өмірі мен елге сіңірген еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Menu