Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Дания Корольдік театры өнер көрсетті

|
📷 Фотосурет: Gov
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Дания Корольдік театры өнер көрсетті

|
Фотосурет: Gov

Халықаралық деңгейдегі бұл мәдени кеш Astana Ballet сахнасында ұйымдастырылып, көрерменге классикалық өнердің таңдаулы үлгілерін паш етті, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

1748 жылы іргесі қаланған Дания Корольдік театры - елдің ұлттық мәдени символдарының бірі. Оның құрамындағы Royal Danish Ballet труппасы әлемдегі ең көне балет ұжымдарының санатына кіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің өзегі - дат хореографы Август Бурнонвиль негізін қалаған әйгілі Бурнонвиль әдістемесі. Бұл стиль нәзік техникасымен, жеңіл қимылымен және актерлік шеберлікке ерекше мән беруімен ерекшеленеді.

Гала-концерт аясында көрермендер Бурнонвиль стиліндегі таңдаулы қойылымдарды тамашалады. Сахнада 10 шетелдік биші өнер көрсетіп, олардың қатарында танымал әртіс Селена Муньос та болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба Қазақстан мен Дания арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.Гастрольдік сапар тек концертпен шектелмейді. Жоба аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы алаңында халықаралық шеберлік сабақтары өтеді. Жас әртістер үшін әлемдік шеберлерден тікелей дәріс алып, кәсіби дамуға жол ашатын бірегей мүмкіндік. 

Олжас Атишев, ұйымдастырушы: - Дания Корольдік театрының Астанаға тұңғыш рет келуі. Алдында біз Алматы қаласында бергенбіз жәнеде бұл жердегі біздің мақсат Қазақстан мен Дания арасындағы мәдени көпір құру. Бурнонвиль стиліндегі билер болады және біз арнайы Селена Муньості шақырдық. Ол фламенко биімен көрермендерді таңқалдырады деген ойдамын.

Жобаның жүзеге асуына Дания Корольдік театрының солисі, қазақстандық балет әртісі Мейрамбек Назарқожаев айрықша үлес қосты. Ол - Еуропаның ең көне театрларының бірінде табысты өнер көрсетіп жүрген санаулы қазақстандықтардың бірі. Ал­маты облысындағы ауылдан шыққан қа­рапайым жігіт Еуропаның ең көне теа­трына қабылданған алғашқы жылы-ақ Нью-Йоркте өткен Джей­кобс-Пиллоу фестивалі сахнасында өнер көр­сетіп, әйгілі The New York Times басылымы өнер­­­танушыларының назарын аударды. Кейін Ресей, Германия, Англия елде­рін­дегі ірі сахналарда өнерін паш етті. Да­ния корольдігінің жоғары марапатын алып, патшайым алдында өнер көрсет­ке­ні өз алдына. Ал былтыр ол Дания ко­роль­дік театрының солисі лауазымына өмірлік келісімшартқа отырды. Оның бастамасымен былтыр Алматыда өткен гастроль үлкен табысқа жетсе, биылғы Астана бағдарламасы жаңа деңгейде ұйымдастырылды. Концерттен бөлек, Қазақ ұлттық хореография академиясында халықаралық шеберлік сабақтары өтуде.

Шеберлік пен тәжірибе алмасу

Астанадағы жоба аясында әлемдік деңгейдегі педагогтер - Динна Бьерн мен Эрик Виудес жас бишілерге Бурнонвиль техникасының қыр-сырын үйретуде. Бұл сабақтар қазақстандық әртістер үшін сирек мүмкіндік саналады.

Динна Бьерн - Еуропаның бірнеше ұлттық балет театрларын басқарған тәжірибелі маман, ал Эрик Виудес француз классикалық мектебінің жалғастырушысы ретінде танымал. Екеуі де әлемдік балет өнерінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалар.

Астанада өткен Дания Корольдік театрының гастролі - Қазақстан мәдени өміріндегі маңызды оқиға. Бұл жоба жас өнерпаздарға жаңа мүмкіндік беріп қана қоймай, елдің халықаралық мәдени кеңістіктегі орнын нығайта түсті.

Бурнонвиль мектебінің Қазақстан сахнасына келуі - классикалық балеттің жаңа тынысын ашатын тарихи қадам.

Menu