Біз туралы
Aristocrat.biz сайты - еліміздегі бизнес-элитаның мінбері.
Журнал еліміздегі ғана емес, халықаралық дәрежедегі алпауыт компания басшыларының табыс тарихы, іскерлік құпиялары, бизнестегі соңғы жаңалықтар, кәсіпкерлер, меценаттар, ел зиялылары, қоғамдық белсенділер, бүгінгі заман қаһармандары жайында жазып, халыққа насихаттауды мақсат тұтады. Сайт еліміздегі көптеген ірі бизнес-ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, қайырымдылық қорлары және өзге де бизнес-мекемелермен серіктестік орнатып үлгерді. Сонымен қатар, елімізде өтетін ірі шаралар, бизнес-форумдар, фестивальдер, семинарлар, қайырымдылық кештеріне ақпараттық қолдау көрсетіп келеміз. Төрт құбыласын түгендеген кәсіп иелері мен кәсібін жаңа бастаған, инновациялық идеяларын ортаға салатын іскер жандарды халыққа кеңінен насихаттауды, танымдық дүниелерді, ертеңге деген ел сенімін серпілтер сұқбаттарды, тәжірибелік кеңестерді жариялауды өзімізге міндет санаймыз.