Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

2026 ЖЫЛҒЫ БЕРЛИН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛІ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ “ӨЗЕННІҢ ТҮСТЕРІ” ФИЛЬМІ ҚАТЫСПАҚ

|
📷 by Kristina Mikhailova
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

2026 ЖЫЛҒЫ БЕРЛИН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛІ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ “ӨЗЕННІҢ ТҮСТЕРІ” ФИЛЬМІ ҚАТЫСПАҚ

|
by Kristina Mikhailova

Қазақстандық толықметражды деректі фильм «Өзеннің түстері» (2026, режиссері - Кристина Михайлова, продюсері - Дана Сабитова) әлемдік тұсаукесері Berlin International Film Festival халықаралық кинофестивалінің Forum Special бағдарламасында өткізеді, деп хабарлайды Aristocrat.biz.
Фильм Forum Special бағдарламасына іріктелді, бағдарламаның ресми анонсы 12 қаңтарда өтеді.
- «Өзеннің түстері» Берлинале тарихындағы алғашқы қазақстандық деректі фильм болмақ. Берлинале - «А» санатындағы ең ірі халықаралық кинофестивальдердің бірі.
- Сонымен қатар, Кристина Михайлова - Берлинале тарихындағы екінші қазақстандық режиссер әйел. Бұған дейін, осыдан 15 жылдан астам уақыт бұрын, фестивальдің конкурстық бағдарламасына Жанна Исабаеваның «Нағима» атты көркем фильмі қатысқан болатын. Содан бері Берлин кинофестивалінде Қазақстан атынан тек ер режиссерлердің туындылары және тек көркем фильмдер ұсынылып келді.
- Маңызды жайт: бұл фильм - дебюттік жұмыс. Оның Forum Special бағдарламасына енуі ерекше мәнге ие, себебі бұл бағдарлама дебюттік фильмдерді өте сирек қабылдайды. Forum Special - жеке сарапшылық бағдарлама, сондықтан фильмге ерекше назар аударылады.

фото: Амир Зарубеков

Фильм туралы қысқаша ақпарат
Қазақстанның бірде-бір өзені мұхитқа құймайды, алайда «Өзеннің түстері» фильмі өзен-қыздардың тағдыры арқылы мұны мүмкін етеді. Режиссер Кристина Михайлова өзен бойындағы бойжеткендердің сырына құлақ түріп, қайсарлы нәзіктікпен қазіргі Қазақстанның эмоциялық бейнесін зерделейді. Олар өздерінің нәзік те қорғансыз тұстарын ашып көрсете отырып, бүгінгі Қазақстан қоғамындағы қысым мен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға қажетті қауқарды бойларынан қалай табатындарын баяндайды.
 

Menu