Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Қайрат" футбол клубы әлемдік рейтингте үздік командалар қатарына енді

|
📷 Фото: “Қайрат” фк
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Қайрат" футбол клубы әлемдік рейтингте үздік командалар қатарына енді

|
Фото: “Қайрат” фк

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) әлемнің ең мықты 500 клубының жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Аталмыш тізімде алматылық "Қайрат" 90,75 ұпай жинап, 240-сатыға жайғасты.

Айта кетерлігі, бұл рейтингке Қазақстан атынан енген жалғыз клуб – "Қайрат".

Клубтар рейтингісінің көшбасында Францияның ПСЖ командасы тұр. Екінші орынды Испанияның "Реалы" (534 ұпай) иеленсе, үздік үштікті Англияның "Челсиі" (483 ұпай) түйіндеп отыр. Ал алғашқы бестікке Италияның "Интері" (453 ұпай) мен Германияның "Бавариясы" (437 ұпай) кірген.

Сонымен қатар биыл "Қайрат" өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Қазіргі таңда алматылық ұжым турнир кестесінде Испанияның "Вильярреал" клубымен бірге 36-орында орналасқан. Кипрдің "Пафосымен" өткен кездесуде 0:0 есебімен тең ойнап, бір ұпай еншіледі. Ал қалған матчтарда "Спортингке" (1:4), "Реалға" (0:5), "Интерге" (1:2), "Копенгагенге" (2:3) және "Олимпиакосқа" (0:1) жол берді.

Алдағы матчьарда "Қайрат" 20 қаңтар күні Бельгияның "Брюгге" командасымен, ал 28 қаңтарда Лондонның "Арсеналымен" бақ сынайды

Menu