Блиц шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Aristocrat.biz.
Отандасымыз Нидерландыда өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 бәсекесінде 13 партияның төртеуінде жеңіске жетті. Қалған жеті ойында тең нәтиже тіркеп, екі рет жеңілді.
Осылайша ол рейтингте 19 ұпай еншіледі.
Нәтижесінде Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жаңартқан рейтинг тізімінде үздік он шахматшының қатарына енді.
110 мың доллар: Бибісара Асаубаева әлемдегі ең табысы жоғары шахматшылар тізіміне енді
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшылары қатарына енді
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева 2025 жылы өткен блиц шахматтан әлем чемпионатында топ жарып, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Осылайша, ол шахмат тарихында блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы болды.
Сондай-ақ, Бибісара фристайл-турнирге қатысқан алғашқы әйел шахматшы ретінде де тарихқа енді.