Қазақстандық актер әрі ережесіз жекпе жек жауынгері Еркебұлан Тоқтар желідегі парақшасында жаңа бизнесін таныстырд, деп хабарлайды Aristocrat.biz.
Актердің айтуынша, ол TokBurger деп аталатын жылдам тамақтану орындарын ашқан. Бұл бизнесті бастау үшін 3 ай уақыт жұмсап, 50 млн теңге инвестиция салған.
«3 ай уақыт және 50 млн теңге жұмсалды. Біз ашылуға дайынбыз ал сіздер ше?» – деп жазды актер.
Жұрт оған қолдау білдіріп, «Қазақстан болып қолдаймыз» деп жатты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еркебұлан қырғызстандақ Марсель Нұрланбекұлымен өткізген жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңілген еді.