Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық коньки тебушілер әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

|
📷 Қазақстандық спортшылар командалық спринтте жеңіске жетті.ҰОК
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық коньки тебушілер әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

|
Қазақстандық спортшылар командалық спринтте жеңіске жетті.ҰОК

Қазақстанның әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Aristocrat.biz..

Қазақстандық спортшылар командалық спринтте жеңіске жетті. Отандастарымыз 1:28.77 уақытта мәреге жетті.

Бұл сында ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.

Польша құрамасы 1:28.94 уақыт нәтижесімен күміс жүлдеге ие болса, Канада 1:29.25 уақыт көрсеткішімен үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында чемпион атанып, 3000 метрде күміс жүлде жеңіп алған еді. Сондай-ақ ол кіші көпсайыста да топ жарды.

Menu