Танымал актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар құрметті атақ алды, деп хабарлайды Aristocrat.biz
Жағымды жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы берілді”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары актерді құттықтап, жылы пікір қалдырып жатыр.
“Жарайсың, құттықтаймын”, “Құтты болсын”, “Шап балуан”, “Құтты болсын, Еркош. Көштің соңынан алыпсың. Өткенде түсірілімде жүріп қалып кеткенсің ғой. Алла құтты, қайырлы қылсын! Енді тоқтауға болмайды”, “Лайықсың”, – деп жазған олар.
Алайда актерді бұл атаққа лайық санамайтындар да бар.
“Лайық емессің, промоушендерді ұтып жүрсің, Шавкат сияқты үлкен ареналарды жеңіп жүрсең, беруге болады. Президенттің бергені дұрыс болмады”, “Еңбек сіңірген қайраткері” несі? Қазір қайраткер атағын алу оңай ма? Алу да, беру де қолайлы болып кетті”, “Еңбек сіңірген емес, өзі айтып еді ғой: “Елде шаруам жоқ, мен өз жұмысыммен жүремін” деп”, “Бұл атақты да кез келгенге бере беретін болған ба? Кейбір адамдар оны ала алмай өмірден өтті”, – деп жазған олар.