Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Деңгейінің төмендігі": Мөлдір Мұқанова фильміне сын айтқан Бақыт Тұрманның әрекетін опасыздыққа теңеді

|
📷 Фото: https://www.instagram.com/bakyt_turman / https://www.instagram.com/moldir.mt
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

"Деңгейінің төмендігі": Мөлдір Мұқанова фильміне сын айтқан Бақыт Тұрманның әрекетін опасыздыққа теңеді

|
Фото: https://www.instagram.com/bakyt_turman / https://www.instagram.com/moldir.mt

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова өзінің жаңадан шыққан “Шай в большом городе” фильмін сынаған әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрманға жауап берді, деп хабарлайды Aristocrat.biz..

Продюсердің айтуынша, Қайрат Әділгерейдің атағын шығарған Тұрсынбек Қабатов пен “Әзіл әлемі” театры, ал оның әйелі айтқан пікірін опасыздық ретінде бағалауға болады.

“Кімді айтып отырғанымды біліп отырған шығарсыздар. Ол кісілер үйі, шаңырағы түгілі, кафеге апарып палау әпермеген адамдар. Мені сыйламай-ақ қойсын, Тұрсынбек Қабатовты сыйлауы керек. Себебі Тұрсынбек оның күйеуіне жұмыс берді, атын шығарды. Ол күйеуі тапқан табысын үйіне апарды, жаңағы сөйлеп отырған әйел мен оның балалары сол нанды жеді. Сонда қайтарымы осы сөз болғаны ма? Жеген тағамдары арам болып кетті ғой. Бір алланың қалауымен Қайрат Әділгерейді Тұрсынбек Қабатов пен “Әзіл әлемі” театры көтерді дегенге 100% қол-аяғымды көтеріп тұрып “иә” деп айта аламын. Ал оның әйелінің жасап отырған опасыздығы деңгейінің төмендігі. Ары қарай өзі білсін”, – деді ол. 

20 қарашадан бастап танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі әрі продюсер Мөлдір Мұқанова түсірген “Шәй в большом городе” фильмі қалың көрерменге жол тартқан еді. Алайда фильмді көрген қазақстандықтар өнер иесінің алғашқы туындысын сынға алды. Жобаны сынағандардың қатарында танымыл әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман да болды.

Ол фильм продюсердің жақында шыққан сұхбатындағы әңгімелердің көрінісі екенін айтты. Сонымен қатар фильмнің актерлік құрамы әлсіз екенін алға тартты.

“Атышулы Мөлдір Мұқанованың сұхбатын көрген боларсыздар. Ал оның шығарған фильмі сол сұхбатта айтылған дүниенің көрінісі. Енді фильмнен өзімнің байқағанымды айтайын, біріншісі, актерлік құрам әлсіз. Фильмде киноға көп түспейтін, тіпті мүлде танымайтын адамдар жүр. Мүмкін олар Мөлдір ханымның құрбылары шығар, білмеймін. Бірақ актерлікке мүлде қатысы жоқ адамдар екені көрініп тұр. Астананың мен деген мықты әйелдері енді. Бір жағынан маркетинг шығар, бірақ бұл киноның сапасына әсер етті деп есептеймін. Тек Ақерке Арыс ғана рөлін сүйреп алып шыққан, оның өзі кәсіби актриса емес. Соның арқасында күлкілі сценалар шыққан. Ал жалпы юмор да, сатира да жоқ. Миллиардтап касса жинайтындай фильмнің идеясы әлсіз”, – деді ол.

Сондай-ақ Бақыт Тұрман фильмнің костюмерінің жұмысын сынады.

“Мен байқаған тағы бір минус – костюмердің жұмысы. Фильмдегі образдар бөлек әңгіме. Мұндай киімдерді осыдан 10 жыл бұрын түсірілген фильмдерде киетін. Қазір ол заман өтті ғой. Фильмді заманауи деп есептейтін болсақ, киімдер мүлде әдемі емес, тіпті фильмді арзан көрсетеді десек артық емес.

Оның сөзінше, фильмнің дыбысталуы құлаққа түрпідей естілгін.

“Сосын фильмнің дыбысталуы құлаққа жағымсыз естілді. Мен актерлердің сөйлеу мәнерін айтпай-ақ қояйын, өйткені көбісі сахна тілін оқымағандар ғой. Жалпы дыбыстың сапасы төмен. Мысалы телефон жерге түссе, оның дауысы шығады ғой, ал фильмде жоқ. Кәсіби фильмде мұндайдың бәрі дыбысталуға тиіс. Басқа адамдар байқамаған шығар, бірақ менің байқағаным осы болды”, – деді ол.

Әнші Мөлдір Мұқанның жобасы миллиардап касса жинаған өзге де отандық фильмдерге бәсекелес бола да алмайтынын жеткізді.

“Әрине, фильмнің түсірілген еңбегі бар, оның жарыққа шыққанының өзі жетістік. Бірақ атышулы “Бизнес по казахски”, “Хотя бы в кино” секілді фильмдермен салыстыратын болсақ, “Шай в большом городе” тіпті бәсекелес бола алмайды”, – деді ол.

Menu