Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

2026 жылы мұғалімдердің жалақысы өсе ме?

|
📷 Сурет: Aikyn.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

2026 жылы мұғалімдердің жалақысы өсе ме?

|
Сурет: Aikyn.kz

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылы педагогтардың жалақысын көтеру мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді. Ведомство өкілдері мұғалімдердің жалақысы Қазақстан халқына жолданған Президент Жолдауында берілген тапсырмалар аясында айтарлықтай өскенін еске салды, , деп хабарлайды Aristocrat.biz.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының лауазымдық жалақылары төрт жыл бойы жыл сайын 25%-ға артты. Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбиешілер мен педагогтардың жалақысы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес 30%-ға өсті, – деп хабарлады ведомство.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы барлық педагогтың жалақысы 2019 жылмен салыстырғанда 100%-ға өскен. Ал мектепке дейінгі тәрбие педагогтарының жалақысы 130%-ға артқан.

Мұғалімнің жалақысы оның біліміне, біліктілік санатына, еңбек өтіліне, жүктемесіне, сондай-ақ өтемақылық және ынталандыру төлемдеріне байланысты. 2025 жылы мұғалімнің бір ставка бойынша орташа жалақысы 393 мың теңгені құрады, – деп толықтырды Оқу-ағарту министрлігі.

Сондай-ақ, министрлік Азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес біліктілік санатына қарай қосымша ақы төленетінін еске салды: "Педагог-шебер" – лауазымдық жалақысының 50%-ы, "педагог-зерттеуші" – 40%, "педагог-сарапшы" – 35%, ал "педагог-модератор" – 30% көлемінде алады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73-бабына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті түрде Республикалық бюджеттік комиссияда қаралуы тиіс, – деп түсіндірді министрлік.

Яғни, 2026 жылы мұғалімдердің жалақысын көтеру мүмкіндігі туралы шешімдер бюджет комиссиясының қарауынан өтіп, мақұлданғаннан кейін ғана қабылданады.

Тағы оқыңыз:

Menu