Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

|
📷 Фото: Коллаж: Canva \ Kazinform
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

|
Фото: Коллаж: Canva \ Kazinform

Үкімет отырысында елдегі ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отырғаны айтылды, деп хабарлайды Aristocrat.biz,

Брифинг барысында Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстандағы ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты. 

Қазіргі уақытта елдегі ең төменгі жалақы 85 мың теңге.

Вице-министр Азамат Әмриннің айтуынша, халықаралық тәжірибеде ең төменгі жалақы медианалық жалақының шамамен 50 пайызы болуы керек. Осы есеп бойынша Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 300 мың теңгеге жақын.

«Сондықтан біздің мақсатымыз – ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу», – деді ол.

Сонымен қатар, Әмрин бұл өзгерістің нақты мерзімі мемлекеттік бюджет мүмкіндіктеріне байланысты болатынын айтты. 

«Биылғы жылдың қалай аяқталатынын, түсімдердің қандай болатынын қараймыз. Егер қаржы мүмкіндігі болса, бұл өсімді жүзеге асыруға жағдай туады», – деді вице-министр.

Menu