Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шенеуніктерге әр жұма сайын демалыс беріп, кітап оқыту ұсынылды

|
📷 ЖИ / ulysmedia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шенеуніктерге әр жұма сайын демалыс беріп, кітап оқыту ұсынылды

|
ЖИ / ulysmedia.kz

Депутат Бақытжан Базарбек әр жұма күнінде мемлекеттік қызметкерлерге демалыс беріп, кітап оқуға уақыт беруді ұсынды, деп хабарлайды Aristocrat.biz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

- Өкінішке қарай, біз кітап оқитын ұлт емес, әлеуметтік желіні қолданатын ұлтқа айналып бара жатырмыз. Жеке ұсынысым, болашақта жұма күнін ағарту күні деп тағайындау. Ол жерде ешқандай құжаттама, тапсырма, мемлекеттік қызмет болмауы керек. Мемлекеттік қызметкерлерді босатып, ол кітапханаға барып, күнделікті санасын жоғарылатсын. Макиавели мен Абайды оқыған мемлекеттік қызметші халықпен дұрыс жұмыс істей алады, – дейді Базарбек. 

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың кейбір ойымен келіспейтінін жеткізді. 

- Бізде 80 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер бар. Солардың бәрі мемлекетке қызмет істемейді, олар тек билікке қызмет етеді дегенмен келіспеймін. Өз басым мемлекеттік қызметтегі барлық сатыдан өттім. Қаншама әріптесім бар. Олардың бәрі мемлекетшіл азаматтар, нағыз патриоттар. Осы жағын байқап сөйлеу керек, – дейді Қошанов. 

Menu