Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстау жастары және «Жарқын Болашақ»

|
📷 ашық дереккөзден алынды
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстау жастары және «Жарқын Болашақ»

|
ашық дереккөзден алынды

XVIII–XIX ғасырларда қазақ даласы Ресей империясының ықпалына біртіндеп енген кезеңде жергілікті билер мен старшындар жаңа жағдайды түсініп, жастардың білім алуына жол ашудың маңызын жақсы ұғынды, деп хабарлайды Aristocrat.biz.. Сол себепті олар өз балаларын сол кездегі ірі білім орталықтарына жіберуге талпынды. Бұл – ел болашағын ойлаған даналықтың белгісі еді.

Орынбор, Омбы сияқты қалаларда ашылған оқу орындары қазақ жастары үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты. Әсіресе Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектеп пен Омбыдағы кадет корпусы қазақ даласынан барған талапты жастарды қабылдап, оларға тіл, басқару ісі, әскери және жалпы білім пәндерін үйретті. Мұндай оқу орындарына қазақ балаларының түсуі сол уақыт үшін үлкен жетістік саналды.

Маңғыстау өңірінің өкілдері де бұл мүмкіндікті пайдаланып, жастардың білім алуына қолдау көрсетті. Тарихшылардың айтуынша, жергілікті ел ағалары мен старшындар патша әкімшілігіне өтініш жасап, қазақ балаларының оқу орындарына қабылдануына ықпал еткен.

Бұл тарихи деректер бір маңызды шындықты көрсетеді: Маңғыстау жұрты үшін білім әрқашан жоғары құндылық болып келген. Жастардың оқуына жағдай жасау, жаңа білімге жол ашу – ұрпақ қамын ойлаған ата-бабалардың көрегендігі еді.

Тарих сабақтастығы

 

Бүгінгі күні сол тарихи дәстүр жалғасын тауып отыр. Жастардың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында бірқатар әлеуметтік бастамалар жүзеге асуда. Соның ішінде ерекше маңызға ие жобалардың бірі – «ҚазМұнайГаз» компаниясының қолдауымен, «Samruk-Kazyna Trust» қорының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Bilim Foundation» қорының «Жарқын Болашақ» білім беру бағдарламасы.

Бұл бағдарлама Маңғыстау өңірінің талантты жастарына еліміздің түрлі қалаларындағы колледждер мен оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді. Бастаманың басты мақсаты – мұнайлы өңірдің жастарына сапалы білімге жол ашып, олардың болашақта білікті маман болып қалыптасуына жағдай жасау.

«Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегерлері бүгінде еліміздің әртүрлі білім ордаларында түрлі мамандықтарды меңгеріп жатыр. Олардың қатарында педагогика, техника, өнер, сервис, ақпараттық технологиялар сияқты салаларды таңдаған жастар бар. Бұл – өңірдің болашақ кадрлық әлеуетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Бағдарлама тек білім алумен шектелмейді. Студенттер түрлі мәдени-танымдық жобаларға, кәсіби бағдар беру экскурсияларына, әлеуметтік бастамаларға қатысып, өздерінің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Мұның барлығы жастардың тұлғалық қалыптасуына және қоғамға белсенді араласуына ықпал етеді.

Тарихқа назар салсақ, Маңғыстау халқы үшін білім әрдайым үлкен құндылық болған. Бүгінгі «Жарқын Болашақ» бағдарламасы – сол дәстүрдің жаңа замандағы жалғасы. Кезінде ата-бабаларымыз жас ұрпақтың білім алуына жол ашуға ұмтылса, бүгін сол миссияны ірі ұлттық компаниялар мен әлеуметтік қорлар жалғастырып отыр.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы мен «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдау көрсетіп отырған «Жарқын Болашақ» бағдарламасы Маңғыстау жастарының жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, олардың армандарын жүзеге асыруға берілген нақты мүмкіндік деуге толық негіз бар.

Білімге салынған инвестиция – ел болашағына салынған инвестиция. Ал білімді, білікті, мақсатшыл жастар – мемлекеттің ең үлкен байлығы.

Menu