Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 77 мектеп салынды

|
📷 ашық дереккөзден алынды
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 77 мектеп салынды

|
ашық дереккөзден алынды

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 86 мыңнан астам оқушыға арналған оқу орны іске қосылды, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда.

Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 86 мыңнан астам оқушыға арналған 77 мектеп пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан, – деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Еске сала кетейік, Қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушыға арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырған. 

Menu