Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Салауатты Астана» ЖШС ұжымымен кездесіп, медициналық қызметкерлерге ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Aristocrat.biz.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, заңдық өзгерістердің қоғамға және медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне әсері туралы айтылды. Әсіресе азаматтардың құқықтары, мемлекеттік басқарудың тиімділігі және реформалардың денсаулық сақтау саласына әкелер жаңалықтары басты назарға алынды.
Іс-шараға Астана қаласы мәслихаты депутаттары Мадина Әжікенова, Мейрамгүл Қабдығалиева, коалиция мүшесі Болатбек Айткей қатысты.