Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

2025 жылы Қазақстан Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттаған

|
📷 Коллаж: Kazinform/ DALL-E/ Freepikrm
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

2025 жылы Қазақстан Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттаған

|
Коллаж: Kazinform/ DALL-E/ Freepikrm

QazaqGaz ұлттық компаниясының басшысы Әлібек Жамауов Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ел бюджетіне қанша салық төлеп отырғандарын айтты, деп хабарлайды Aristocrat.biz..


— 2025 жылы газды магистральдық тасымалдаудың жалпы көлемі 88,5 млрд текше метр болды. Ішкі нарыққа 20,5 млрд текше метр газ өткіздік, — деді ол.

Ұлттық компания басшысы қазақстандықтардың газ тұтыну шығындарын азайту үшін 190 млрд теңгеден астам қаржы жұмсағандарын айтты.

— Қытайға 5 млрд текше метр газ экспортталды. Ішкі нарықты субсидиялау жылына 190,5 млрд болды. Ел бюджетіне шамамен 302,1 млрд теңге салық төленді, — деді Әлібек Жамауов.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұлды доллармен есептеу мүмкін емес екенін айтқан болатын.

Бұдан бөлек, биыл жер қойнауын игеру келісімшарттарына ревизия жасалатыны анықталды.

Menu