Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандықтар бір айда "әдемі" нөмірлерге 6 миллиард теңге жұмсаған

|
📷 Фото: gov.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандықтар бір айда "әдемі" нөмірлерге 6 миллиард теңге жұмсаған

|
Фото: gov.kz

Қазақстандықтар көлікке арналған ерекше мемлекеттік нөмірлер үшін қомақты қаржы төлеуден тартынбаған. Бір айда автокөлік иелері қалаған комбинациядағы нөмірлерге шамамен 6 миллиард теңге жұмсады, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

1 қаңтардан бастап жүргізушілерге әріптер мен сандарды өз қалауынша таңдау мүмкіндігі берілген еді. Мұндай қызметтің құны 43 мың теңгеден басталады. Ең сұранысқа ие нұсқалар – бірдей немесе айна тәрізді қайталанатын сандар. Ал әріптер арасында көпшілік өз аты-жөнінің бас әріптерін немесе қысқартылған атауларды таңдаған.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алғашқы айда 140 мыңнан астам өтінім түскен және олардың басым бөлігі мақұлданған. Нәтижесінде бюджетке шамамен 6 миллиард теңге кіріс түскен.

Қызмет іске қосылған алғашқы күндері мамандандырылған ХҚКО-ларда келушілер саны күрт артып, кезек көбейген. Кейін бұл қызмет мобильді қосымшаға енгізіліп, өтінім беру үдерісін жеңілдету және халыққа қолайлы ету шаралары қабылданды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар 43 250 теңгеге сатып алған нөмірлерді сыйға тартып, сата алмайтыны хабарланған еді.

Menu