Aristocrat.biz
Салық реформасы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді — сарапшылар пікірі
Фото: © Николай Судаков

Салық реформасы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді — сарапшылар пікірі

Алматыда мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер, жетекші сарапшылар, бухгалтерлер мен заңгерлер қатысқан ауқымды Салық форумы өтті

9 сәуірде Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексі жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Форумға қатысқан Қазақстандағы танымал салық пен бухесеп мамандары бұл реформа көптен бері қажет болғанын айтады. Бюджет тапшылығы, көлеңкелі экономика, салықтан жалтару және бизнесті бөлшектеу секілді мәселелер реформа жасауға итермеледі. Алайда кейбір өзгерістер қоғамда пікірталас тудырып отыр, өйткені тауарлар мен қызметтердің бағасы күрт көтерілуі мүмкін.

ҚҚС мөлшерлемесінің көтеріліп, тіркеу шегінің төмендеуі

Қазіргі кезде бизнес егер жылдық айналымы 78,6 млн теңгеден асса, ҚҚС төлейді. АСР (арнайы салық режимі) қолданатындар үшін бұл шек — 2,4 млрд теңге.

Жаңа кодекске сәйкес, жалпы салық режимі (ЖСР) бойынша ҚҚС есебіне қою шегі 40 млн теңгеге дейін төмендетіледі. Ал АСР алынып тасталады. ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға көтеру жоспарланып отыр. Сарапшылар бұл өзгерістердің бір мезгілде енгізілуі бизнесті қиын жағдайда қалдыратынын айтады — егер өзгерістер кезең-кезеңімен жасалса, бейімделу жеңіл болар еді.