Aristocrat.biz
Биыл «Даму» қоры 6 мыңнан астам бизнес жобаға қолдау көрсетті
ашық деректерден алынды

Биыл «Даму» қоры 6 мыңнан астам бизнес жобаға қолдау көрсетті

Қор 2025 жылдың басынан бері 6 мыңнан астам орта және шағын бизнес жобасын қолдады

Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 2025 жылдың алғашқы бес айында жалпы сомасы 755,9 млрд теңгеге 6 114 жобаға қолдау көрсетті.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «Даму» қоры базасында Кепілдік беру қорларының жұмысы басталды. Бірінші қор – 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларды, екінші қор – 7 млрд теңгеден асатын ірі инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға бағытталған. Қазіргі таңда 9 банкпен келісімдер жасалған.

Кепілдік беру қоры іске қосылғаннан бері 66,5 млрд теңге көлеміндегі несиелер бойынша 543 жобаға қолдау көрсетілді.

Бекітілген жобалардың 70%-дан астамы инвестициялық мақсаттарға бағытталған: жаңа өндірістерді іске қосу, жабдық сатып алу және құрылыс.