Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

МӘМС бойынша қарыздары бар қазақстандықтарға несие беруге тыйым қойылмақ

|
📷 Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

МӘМС бойынша қарыздары бар қазақстандықтарға несие беруге тыйым қойылмақ

|
Фото: freepik.com

Қазақстанда қарыз алушының несие қабілетін бағалау үшін жаңа талап енгізу ұсынылды. Енді ірі несие алғанда банк адамның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша қарызы бар-жоғын да ескеруі керек, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРРА) банктерді реттеу жөніндегі өзгерістер жобасын дайындады. Жоспар бойынша банктер қарыз алушының несие қабілетін бағалағанда жаңа критерий яғни МӘМС бойынша қарызын тексеруді енгізеді. Бұл критерий несие тарихы мен басқа да міндеттемелермен бірге қарастырылады.

Бұл тек ірі несиелерге қатысты: егер бір адамға берілетін несиелер сомасы банк капиталының 0,01%-дан көп болса (капиталы 100 миллиард теңгеден жоғары болса), немесе 0,02%-дан көп болса (капиталы 100 миллиард теңгеден төмен болса) қаралады.

Тәжірибеде мысалы, егер банк капиталы 100 миллиард теңгеден сәл асып тұрса, МӘМС бойынша қарыз тек 10 миллион теңгеден артық несие алғанда ескеріледі. Бұл көрсеткішті ескеру ұсынысын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жасаған.

ҚНРРА түсіндіргендей, МӘМС бойынша қарыздың болуы банктер үшін тәуекелді көрсетеді. Себебі төлемдерді кешіктіру немесе төлемеу қарыз алушының қаржылық жауапкершілігінің төмен екенін және несие міндеттемелерін орындамау мүмкін екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, төлемеу адамның медициналық қызметке қол жеткізе алмайтынын білдіреді. 

Menu