Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ЖРВИ-дің өршуі: Қазақстанда 900 мектеп қашықтан оқытуға көшті

|
📷 Фото: Freepik
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ЖРВИ-дің өршуі: Қазақстанда 900 мектеп қашықтан оқытуға көшті

|
Фото: Freepik

ЖРВИ мен тұмау жағдайларының көбеюіне қатысты ел бойынша 250 мыңға жуық оқушы қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Aristocrat.biz.. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлім етті.

— Қашықтан оқытуға елдің 13 өңірінде 11 813 сынып көшірілді. Жалпы, 903 мектепте қашықтан білім алуға 250 мыңға жуық бала ауысты. Бұл ретте, кешеден бері біршама динамика бар, — деді Т. Сұлтанғазиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың асқынып кету қаупі бар. Тұмау салдары пневмонияға айналуы мүмкін, әсіресе 5 жасқа дейінгі кішкентай балаларға қауіпті.

— Сондықтан ата-аналар жағдайды үнемі қадағалап, қажет болған жағдайда медициналық мамандарды шақыруы керек, — деді вице-министр.

Menu