Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ғылым мен инновация диалогы: Сианьда 7-ші Жібек жолы форумы басталды

|
📷 Фото: ҚР СІМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ғылым мен инновация диалогы: Сианьда 7-ші Жібек жолы форумы басталды

|
Фото: ҚР СІМ

 Шэньси провинциясында «Жібек жолының жаңа бағыттары: кемелденген жастар, жаңа дәуірге бет бұру» тақырыбында «Жас ғалымдардың 7-ші Жібек жолы Форумы» жұмысын бастады, деп хабарлайды Aristocrat.biz.. Іс-шараны Шэньси провинциясының Халық үкіметі мен Солтүстік-Батыс университеті ұйымдастырды. Бұл туралы СІМ мәлім етті. 

Форумның басты мақсаты — «Жібек жолы рухын» және «Орталық Азия– Қытай мүмкіндігін» дәріптеу. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерімен білім, туризм, мәдениет, археология, медиа сияқты салалардағы өзара тәжірибе алмасу мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Форумның үш күндік жұмысына 20 елден сала мамандары, оның ішінде ШЫҰ мемлекеттерінен «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдерден, сондай-ақ Орталық, Оңтүстік және Батыс Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары, туристік бірлестіктер, жетекші компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Форумның ашылу салтанатына Шэньси провинциясы Партия комитетінің Хатшысы Чжао Идэ қатысып, форумға қатысушы жас мамандар мен ғалымдарды, өндіріс мамандарын, өнертапқыштар мен зерттеу институттары қызметкерлерін құттықтады.

— Қытай Халық Республикасы Коммунистік Партиясының 20-шы съезінің төртінші пленумы шеңберінде білім, ғылым-технологияға бейім таланттарды топтасқан орталықтарын жоспарлы түрде дамытуды, әлемдік әлеуетке ие білім-ғылым орталықтарымен серіктестік орнатуды, ойтапқыш талантты жастарға қаржылай гранд бөлу, шетелдік мамандарға 5 жылдан жоғары мерзімге «тұрақты тұру картасын» берусекілді бірқатар жаңа шешімдер қабылдаған. Қытай мемлекеті замануи технологиялық бәсекеге төтеп беру жолында өзінің ішкі ресурстарымен қоса, сыртқы ойшыл мамандарды да әр түрлі тәсілдермен өзіне тартып, жаңа ғылыми жаңалықтардың өрісін кеңейтуге күш салатындығын айқын байқатты, — делінген хабарламада.
Форум алаңында Қазақстан Республикасының Сианьдағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев құрметті қонақ ретінде қатысып, сөз сөйледі. Өзінің баяндамасында ол 2025 жылғы қыркүйектегі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында айтылған жастар білімін заманауи негізде жетілдіру, жасанды интелект пен экономикалық дамуды ұштастыру секілді бағдардың мазмұнымен қысқаша таныстырып өтті. Бас консул Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан басты реформалар мен басымдықтар туралы мәлімет берді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы заманауи ғылым мен білім беру серіктестігі екі мемлекет басшыларының үйлесімді стратегиялық бағытына — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың интеллектуалды ұлт қалыптастыру және академиялық көшбасшылықтың жаңа орталықтарын дамыту жөніндегі стратегиялық курсы мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу — бір жол» бастамасына негізделгенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына баланысты, мемлекетіміздің экономикалық дамуына қажетті жас мамандар даярлауға қазақстандық тарапынан аса көңіл бөлетіндігін айтты. Осы бағытта Бас консулдық техникалық колледждер мен университеттер арасында консулдық округке кіретін провинциялардың оқу орындарымен оқушылар мен маман алмасу жұмыстарын ұдайы ұйымдастырып отыратындығын жеткізді.

Ашылу рәсімінен кейін қонақтар өнер тапқыштар көрмесін аралап, жасанды интелект, телекоммуникация және әуе кеңістігін игеру, құрылыс материалдарын шығару, қоршаған ортаны қорғау мен шөл зоналарын игеру, көкөніс дақылдарының жаңа сорттарын селекция жолымен шығарушы ғылыми орталық мамандарымен кездесті. Бас консул көрмеге қатысушыларды Қазақстанның отандық зертханаларымен ортақ жобаларда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Menu