Aristocrat.biz
Қор нарығында доллар тағы қымбаттады
Фото: istockphoto.com

Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,22 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 511,92 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 513 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 585, сату құны — 595.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 511 теңге.

Еуро 585 теңгеден сатып алынып, 595 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,37 - 6,52 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 13 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,77 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,41 теңге. Еуро — 593,19

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.