Aristocrat.biz
Миллионнан асады: Қазақстандық отбасылар өмір сүруге қанша жұмсайды
Фото: pixabay.com

Миллионнан асады: Қазақстандық отбасылар өмір сүруге қанша жұмсайды

Қазақстандық отбасылардың орташа шығындары 1 036 603 теңгеге жетті (тоқсанға), яғни айына шамамен 345 534 теңге. Бұл қаражат азық-түлікке, маңызды заттарға, қызметтерге және несие төлемдеріне жұмсалады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екінші тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 359 638 теңгені құрады. Бұл – айына шамамен 119 879 теңге. Ал шығындар аздап төмен – тоқсанына 311 192 теңге, немесе айына 103 731 теңге.

Орташа қазақстандық отбасының тоқсандық табысы 1 182 552 теңгеге жеткен, яғни айына 394 184 теңге. Ал тұтынуға жұмсалатын шығындар да миллионнан асып, орта есеппен 1 036 603 теңге (345 534 теңге айына) болды. Басқаша айтқанда, қазақстандықтар тапқан ақшасының басым бөлігін бірден жұмсайды.

Орташа отбасы айына 178 737 теңгені азық-түлікке жұмсайды. Бұл барлық шығынның 52%-ына тең. Мұндай көрсеткіш кедей елдердегі деңгейге сәйкес келеді. Салыстырмалы түрде дамыған елдерде азық-түлікке жұмсалатын шығындар 15%-дан аспайды.

Азық-түлікке жұмсалатын айлық орташа шығындардың құрылымы:

•    тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар – 164 437 теңге;
•    үйден тыс тамақтану – 7 168 теңге;
•    алкоголь – 1 705 теңге;
•    темекі өнімдері – 5 010 теңге.

Ай сайын ең көп қаражат жұмсалатын азық-түлік түрлері:

•    ет және ет өнімдері – 54 764 теңге;
•    нан өнімдері мен жармалар – 24 260 теңге;
•    сүт өнімдері – 17 479 теңге;
•    жемістер – 14 868 теңге;
•    көкөністер – 14 651 теңге;
•    қант, кондитер өнімдері – 10 724 теңге;
•    майлар мен тоң май – 8 422 теңге;
•    балық және теңіз өнімдері – 6 762 теңге;
•    жұмыртқа – 3 309 теңге;
•    алкогольсіз сусындар – 7 044 теңге;
•    басқа тағамдар – 2 155 теңге.

Басқа шығындар:

•    азық-түліктен тыс тауарлар – 69 329 теңге айына;
•    ақылы қызметтер – 63 224 теңге айына;
•    несие және қарыздар төлемі – 22 150 теңге айына;
•    алимент пен туыстарға көмек – 7 120 теңге айына;
•    салықтар мен өзге төлемдер – 525 теңге айына.

Айта кетейік, кейбір көрсеткіштер шындықтан алшақ көрінуі мүмкін. Себебі статистика отбасылардың сауалнамада көрсеткен деректері негізінде жасалады. Есептеулерде тек еңбекке қабілетті адамдар емес, барлық тұрғындар ескеріледі.