Тариф көтерілуі, инфляция: Қазақстандықтардың жалақысы өсіп жатқан жоқ
Қазақстандықтардың нақты жалақысы өсуді тоқтатты. Орташа жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2-тоқсанда шамамен 11% өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері көбірек ақша ала бастады. Бірақ құрылыс саласындағылардікі азайып жатыр. Бұл туралы31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, ел тұрғындары орта есеппен 450 мың теңгеге жуық алады. Сонымен қатар қазақстандықтардың басым бөлігі орташадан төмен жалақы алады. Алайда өсім 20%-дан асатын салалар бар.
“Ең үлкен өсім ақпарат және байланыс саласында – 24%, ауыл шаруашылығында 23,7% және электрмен жабдықтауда 17% өсім байқалды. Ал құрылыс саласындағыларда ақша 0,7% азайды. Білім беру, денсаулық сақтау, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету салаларында жалақы азырақ өсті”, – деді ұлттық статистика бюросы еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің бас сарапшысы Гүлнұр Ахметқали.
Сондай-ақ шығындар да өсіп жатыр. Қаржыгерлер қауымдастығы мұның барлығы инфляцияның өсуіне байланысты екенін атап өтеді.
“Биыл елде құрылыс, тауар тасымалы, сауда-саттық және мұнай көбірек өндіріліп жатқаны сөзсіз. Бірақ экономикалық өсудің сапасына қарасаңыз, бұл ірі жобалар, инвестициялық жобалар, бірақ ол жақта жұмыспен қамту аз. Бұл қазақстандықтардың көпшілігіне ешқандай әсер етпейді”, – деді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов.
Экономисттердің айтуынша, биыл бизнес үшін өте ауыр болды, себебі валюта бағамының тұрақсыздығы, салық кодексіндегі өзгерістер және тарифтердің көтерілуі әсер етті. Мұның бәрі кәсіпкерлерге жалақыны көтеруге мүмкіндік бермейді.