Aristocrat.biz
Перизат Қайрат сотта Бауыржан Байбектің есімін бірнеше мәрте атады
курсив медиа

Перизат Қайрат сотта Бауыржан Байбектің есімін бірнеше мәрте атады

Прокурорлар «Перизат Қайрат қоғамдық ұйымды тіркеу үшін құрылтайшылардың қолдары қолдан жасады», - деген болатын. Осы ретте айыпталушы құрылтайшыларды сотқа шақыруды сұрады. 

«Мені анаммен бірге қор құрды және қолдарды қолдан жасады деп айыптап отыр. 

Ал қор партия жанында, Байбектің басшылығы кезінде құрылған болатын. Құрылтайшылардың барлығы – менен басқасының кейбірі бұрынғы, кейбірі қазіргі партия қызметкерлері», – деді Перизат Қайрат.

Бұдан кейін де айыпталушы Байбектің есімін бірнеше мәрте атады. 

Еске салайық, Бауыржан Байбек 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды.