Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

7,9 миллиард теңге жымқырған: Астанада құрылыс компаниясы өкілдері қамауға алынды

|
📷 Фото: krisha.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

7,9 миллиард теңге жымқырған: Астанада құрылыс компаниясы өкілдері қамауға алынды

|
Фото: krisha.kz

Астанада "Qyran" тұрғын үй кешені бойынша ірі алаяқтық схемасы әшкереленді. Қаржы мониторингі агенттігі құрылыс компаниясы қызметкерлерінің 7,9 миллиард теңге жымқырғанын анықтап, үш күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті "Qyran" тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сату кеңсесінде құрылыс компаниясы атынан сатып алушыларға компанияның жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқығы бар екенін "дәлелдейтін" макеттер, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамалар көрсетілген.

Азаматтарға пәтерлерді, коммерциялық үй-жайларды және паркинг орындарын нарықтық бағадан төмен сатып алу ұсынылып, мәмілелердің толық заңды екені айтылған. Алайда сатып алу-сату шарттарын жасау орнына күдіктілер брондау шарттарын, кепіл туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді.

Жәбірленушілер төлемді қолма-қол және қолма-қол ақшасыз түрде схеманың қатысушыларының жеке шоттарына аударған. ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік құжаттарында бұл операциялар көрсетілмеген. Осылайша, азаматтардың 3,8 миллиард теңгеден астам қаражаты жымқырылған.

Бұдан бөлек, күдіктілер құрылыс компаниясының қаражатын ұрлауға бағытталған екінші алаяқтық схеманы жүзеге асырған.

Құрылыс компанияның атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, объектілерге меншік құқықтарын тіркеген, алайда сатудан түскен қаражат компанияның кассасына түспеген. 76 жылжымайтын мүлік объектісінің сатылуынан 4,1 миллиард теңге жымқырылған. Осылайша азаматтарға және компанияға келтірілген жалпы залал 7,9 миллиард теңге болды.

Сот санкциясымен 94 пәтерге, 51 паркинг орнына, 8 коммерциялық үй-жайға және бір автокөлікке тыйым салынды. Үш күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық құқық бұзушылық процесінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Menu