Aristocrat.biz
Перизат Қайрат: айыптау актісімен келіспеймін
ашық дереккөзден алынды

Перизат Қайрат: айыптау актісімен келіспеймін

Астана ауданаралық сотында прокурорлар Перизат Қайратқа тағылған айыптарды оқып берді. Ол өзіне тағылған алаяқтық және ақша жымқыру айыптарын мойындамай, тергеу мен айыптауды "прокурорлардың қиялы" деп атады. 

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша айып тағылған:

•    190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы – "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық";

•    218-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыруы";

•    218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы – "Аса ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру".

Прокурорлар айыптау актісін оқып болғаннан кейін, сот залында сөз Перизат Қайратқа берілді.

"Айыптау актісімен келіспеймін, ондағы дәлелдерді негізсіз деп санаймын. Тергеушілердің қиялы үшін мен жауапты емеспін. Мен негізсіз тағылған айыптарды мойындамаймын. Кейін барлық фактімен өзімді қорғаймын", – деді Перизат Қайрат.