Перизат Қайрат ет жеткізу бойынша отбасылық бизнес жүргізгенін айтып, жалған ақпарат таратқан
Перизат Қайраттың жоғары білімі мүлде жоқ болып шықты. Волонтер бұған дейін бірнеше мәрте шетелде жоғары білім алғанын айтқанымен, айыптаушылар мұны жоққа шығарып тек «аяқталмаған орта білімі бар» деді.
Сондай-ақ, өзін табыскер ретінде көрсету үшін Біріккен араб әмірлігінде тұрғанын және ет жеткізу бойынша отбасылық бизнес жүргізгенін айтып, жалған ақпарат таратқан, — дейді айыптау актісін оқыған прокурорлар.
Айта кетейік, Перизат Қайрат ісі бойынша негізгі сот отырысы басталды.
БАҚ өкілдері процесті тек арнайы баспасөз орталығынан бақылап отыр. Сот залында түсірілім жүргізуге, тікелей эфир жасауға және видеобайланыс арқылы көрсетілімге тыйым салынған. Судья Сабыржан Каримовтың түсіндіруінше, отырыста кез келген сәтте құпия деректер жария етілуі мүмкін.