Aristocrat.biz
Синоптиктер алдағы күндері 47 градусқа дейін өте қатты ыстық болатынын ескертті
Photo by Florian Wiegand/Getty Images

Синоптиктер алдағы күндері 47 градусқа дейін өте қатты ыстық болатынын ескертті

3-5 шілде аралығында Қазақстанда өте қатты ыстық күн райы күтіледі. Кей жерлерде ауа температурасы +47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған aristocrat.biz.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Сондықтан кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі.

4-5 шілдеде солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Бұдан бөлек, Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі уақытта 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. 4-5 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында 40-42 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа температурасы 35-40 градусқа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда 43-47 градусқа дейін жетуі мүмкін.

5 шілдеде солтүстік және орталық аймақтарда күндіз ауа температурасы 18-25 градусқа дейін төмендемек.