Қазақстанда жаңа ұлттық мереке енгізу ұсынылды
Қазақстанда жаңа ұлттық мереке енгізу ұсынылды. Бұл туралы aristocrat.biz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет "Тұлпар күнін" енгізу туралы ұсынысты қарастырып жатыр.
Мәжіліс депутаттары жылқы шаруашылығын дамыту бойынша бірнеше бастама ұсынған. Солардың бірі "Тұлпар күнін" ұлттық мереке ретінде бекіту еді. Депутаттардың айтуынша, салада шешілмеген мәселе көп. Елге сапасыз еттің келуі, білікті маманның жетіспеуі, ескірген ипподромдар секілді мәселелер жетерлік. Сондықтан депуттар кемінде бес ат спорты кешенін салуды ұсынған.
Ал премьер-министр Олжас Бектенов бұл салаға соңғы бес жылда 9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін жеткізді. Ал "Тұлпар күнін" ұлттық деңгейде мереке ретінде атап өту мәселесі қосымша қаралатынын айтты.