Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық байлар Нью-Йорктегі пәтерлері үшін жаңа салыққа ілігуі мүмкін: Тізімде кімдер бар?

|
📷 коллаж Ulysmedia
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық байлар Нью-Йорктегі пәтерлері үшін жаңа салыққа ілігуі мүмкін: Тізімде кімдер бар?

|
коллаж Ulysmedia

Нью-Йорк билігі қымбат жылжымайтын мүлікке қатысты жаңа салық енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Aristocrat.biz.. Бұл бастама, ең алдымен, құны 5 миллион доллардан асатын, бірақ тұрақты тұру үшін пайдаланылмайтын пәтер иелеріне бағытталған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай талап қазақстандықтарға да әсер етуі мүмкін.

Нью-Йорктегі жаңа салық: кімдерге қатысты?

АҚШ-тағы ең ірі мегаполистердің бірі – Нью-Йорк – элиталық жылжымайтын мүлік нарығын реттеудің жаңа тәсілдерін іздеуде. Қала әкімдігі инвестиция үшін сатып алынып, бос тұрған пәтерлерге қосымша салық салуды жоспарлап отыр.

Бұл ұсынысты қала мэрі Зохран Мамдани мен штат губернаторы Кэти Хокул талқылауда. Егер заң қабылданса, ол шетелдік меншік иелеріне де тікелей әсер етеді.

Қазақстандықтар да тізімде

Зерттеулерге сәйкес, Нью-Йоркте қымбат жылжымайтын мүлікке ие бірқатар қазақстандықтар жаңа салыққа ілігуі ықтимал. Солардың қатарында:

 Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Сайлаубек Джакишевтің отбасы аталады. Ол Назарбаев кезеңінде пара алғаны үшін 12 жылға сотталып, айыппұл төлеп, тек төрт жыл отырған.

кәсіпкер Сержан Жұмашов.  Ол – Қайрат Боранбаевтың серіктесі. Оның Манхэттендағы пәтері уақыт өте қымбаттап, қазір белгіленген межеден асып кеткен.

Зерттеуде айтылғандай, бес бөлмелі пәтер 2010 жылдан бері Жұмашовқа тиесілі. Бұрын оны кәсіпкер Бурак Оймен 3 млн долларға сатқан, ал қазір бағасы кемінде екі есе өскен.

Нұрлан Шабдардың жұбайлары – Меруерт Кисамиева мен Алуа Шабдар да Манхэттенде жылжымайтын мүлікке ие. 

Олардың бір пәтері – Джон Джей паркіне жақын, Ист-Риверге қарайтын екі деңгейлі пентхаус. Онда төрт жатын бөлме, бес жуынатын бөлме, қонақ бөлме және ас үйі бар. Пәтер ішінара жиһазбен жабдықталған, премиум техника орнатылған. Жалпы аумағы – 280 шаршы метр, бағасы 5 млн доллардан жоғары.

Бұл тізімге «Олимп» букмекерлік кеңсесінің бұрынғы иесі Анарбек Жауыров та кіруі мүмкін. Оның пәтері шамамен 6,5 млн долларға бағаланады.

Олардың Манхэттендегі пәтерлері мен коммерциялық нысандарының құны 5 миллион доллардан жоғары. Кейбір жылжымайтын мүліктің бағасы соңғы жылдары бірнеше есе өскен.

Манхэттендегі элиталық пәтерлер

Мысалы, Манхэттендегі екі деңгейлі пентхаустар, бірнеше жатын бөлмесі бар кең пәтерлер және коммерциялық кеңістіктер – осы санатқа жатады. Мұндай нысандар көбіне инвестициялық мақсатта сатып алынып, жыл бойы бос тұрады.

Салықтан кімдер тыс қалуы мүмкін?

Сонымен қатар, кейбір қазақстандықтардың Нью-Йорктегі мүлкі белгіленген шектен төмен болғандықтан, жаңа салыққа ілікпейді. Олардың қатарында:

Нұрсұлтан Назарбаевтің туыстары

бұрынғы әкім Виктор Храпунов

Әділбек Жақсыбековтің отбасы

Бұл нысандардың бағасы 5 миллион долларлық межеден аспайды немесе техникалық жағдайы талапқа сай емес.

Жаңа салықтың мақсаты қандай?

Нью-Йорк билігінің негізгі мақсаты – тұрғын үй нарығындағы теңгерімсіздікті азайту. Сарапшылардың пікірінше:

бос тұрған пәтерлер саны азаяды

тұрғын үй бағасының шамадан тыс өсуі тежеледі

жергілікті тұрғындар үшін баспана қолжетімді бола түседі

Қазіргі таңда бұл тек ұсыныс деңгейінде. Дегенмен, қабылданған жағдайда, жаңа салық халықаралық инвесторларға, соның ішінде қазақстандықтарға да тікелей әсер етуі мүмкін.

Нью-Йорктегі жаңа салық бастамасы – жаһандық жылжымайтын мүлік нарығына әсер ететін маңызды қадам. Егер заң күшіне енсе, қымбат пәтер сатып алып, оны бос ұстайтын инвесторлар қосымша қаржылық жүктемеге тап болады. Бұл өз кезегінде шетелдік капиталдың қозғалысына да ықпал етуі ықтимал.

Menu