Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Бал-Наурыз» ұлттық гала-кеші

|
📷 ашық дереккөзден алынды
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Бал-Наурыз» ұлттық гала-кеші

|
ашық дереккөзден алынды

23 наурыз күні ұлттық мейрамның құрметіне орай «Мейірім» премиум клубының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы беделді бес жұлдызды The Ritz-Carlton Astana қонақүйінде «Бал-Наурыз» атты ұлттық гала-кеш жоғары деңгейде өтті.

Клубтың негізін қалаушы — Қасиет Хан.

Кештің басты қонағы әрі хедлайнері — танымал әнші, «Құрмет» орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова болды.

Іс-шараға еліміздің белгілі өнер жұлдыздары, кәсіпкерлері мен блогерлері қатысып, кештің мәртебесін арттырды.

Кеш серіктестері қатарында:
— Еркеназ Оралдымқызы — каллиграфия қолөнерінің негізін қалаушы! 
— Рабия ханым — трансформациялық ойындардың негізін қалаушы
— Сандуғаш Досанова — «Сарыбас» ет өнімдерінің негізін қалаушы
— Жанат Балтабай “Edemi” зергерлік дүкенінің негізін қосушы

Кеш барысында серіктестер тарапынан қонақтарға арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Кештің басты қонағы Мөлдір Әуелбекова-ға Edemi зергерлік дүкенінен бағалы бриллиант сыйға тарту етілді. Брендтің негізін қалаушы — Жанат Балтабай.

Сонымен қатар, SAT люстра дүкені желісінен кез келген талғамға сай сәнді люстра ұсынылды.

Кештің ерекше қонақтарының бірі — ақын, кәсіпкер, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Сара Тоқтамысова болды. Кеш барысында «Мейірім» клубы тарапынан Сара ханымға да арнайы сыйлық табысталды.

Кештің ресми дресс-коды аясында ұйымдастырылған «Ең үздік этно стиль» номинациясының жеңімпазына Мөлдір Әуелбекова өзінің BEYNE брендінен ерекше сыйлық ұсынды.

«Бал-Наурыз» гала-кеші ұлттық дәстүр мен заманауи сәннің үйлесімін көрсеткен, жоғары деңгейде ұйымдастырылған мәдени іс-шара ретінде есте қалды.

«Мейірім» премиум клубы — осындай жарқын бастамалар мен табысты серіктестіктерді біріктіретін ерекше орта. Клуб әрдайым жаңа идеялар мен сапалы ынтымақтастыққа ашық, және түрлі саланың үздік өкілдерімен коллаборация орнатуға дайын.

Menu