Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

AUDI FASHION SHOW: SILK ROAD 2026 — Стиль мен Жылдамдықтың Үйлесімі

|
📷 ашық дереккөзден алынды
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

AUDI FASHION SHOW: SILK ROAD 2026 — Стиль мен Жылдамдықтың Үйлесімі

|
ашық дереккөзден алынды

8 қараша күні, сағат 17:00-де, Audi Centre Astana алаңында сән әлеміндегі айтулы оқиға — Audi Fashion Show: Silk Road 2026 сән көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Aristocrat.biz.. Шараны ұйымдастырған GUKA GROUP бұл кешті халықаралық деңгейдегі сән мен заманауи технологияны тоғыстырған бірегей платформаға айналдырды.

Шара сән мен элеганттылықты, жылдамдық пен жаңашылдықты шебер үйлестіріп, көрермендерге нағыз эстетикалық ләззат сыйлады. Silk Road концепциясы бойынша өткен бұл көрсетілімде Шығыс пен Батыстың мәдени элементтері біріктірілген, түрлі елдерден келген дизайнерлер өз топтамаларын ұсынды.

Кеш барысында сән подиумынан әлемдік және отандық сәнгерлердің ең үздік жұмыстары ұсынылды. Олар жібек, барқыт, экологиялық таза маталар секілді материалдарды пайдаланып, тарихи және футуристік стильдерді тамаша үйлестірді. Audi автокөліктері сәнді атмосфераны толықтырып, әрбір топтаманың идеясын тереңірек ашуға мүмкіндік берді.

Audi Fashion Show: Silk Road 2026 — бұл жай сән көрсетілімі емес, ол Қазақстан сән индустриясының халықаралық деңгейге шығуға дайын екенін дәлелдейтін ерекше шара болды. Төменде шараның керемет көріністері, назар салыңыз!

Menu