Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда сотталғандарға смартфон пайдалануға рұқсат берілмек

|
📷 Фото: pixabay.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда сотталғандарға смартфон пайдалануға рұқсат берілмек

|
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда сотталғандарды колонияларда ұстау шарттарын өзгерту туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Құжат қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларына түзетулер енгізуді көздейді. Өзгерістер, сотталғандардың мінез-құлқын бағалау жүйесіне қатысты.

Ұсынылып отырған өзгерістердің қатарында:

- үшінші оң мінез-құлық дәрежесі бар сотталғандарға "тынығу сағатын" енгізу;

- ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі сотталғандарға мекеме аумағынан тыс жерде смартфон пайдалануға рұқсат беру;

- ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі сотталғандарға кездесуге және қалаға шығуға өтінімдерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы беру мүмкіндігін жасау.

Павлодарда түрменің экс-басшысы мемлекеттік құпияны таратып, сотталғандарға ерекше жағдай жасағаны үшін сотталды

Жобаға сәйкес, терминалдарды пайдалану персоналмен тікелей байланысты азайтудың бір тәсілі ретінде қарастырылады. Әзірлеушілердің айтуынша, аталған жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық жағымсыз салдарға алып келмейді.

Айта кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың тәртібі арнайы бағалау жүйесі арқылы анықталады. Яғни олардың мінез-құлқы теріс деңгейден бастап, оң деңгейге дейінгі бірнеше дәрежеге бөлінеді. Әр дәрежеге қарай сотталғандарға әртүрлі ұстау жағдайлары мен жеңілдіктер қарастырылады. Ал "үшінші оң мінез-құлық дәрежесі" режим талаптарын ұзақ уақыт бойы бұзбай, өзін тәртіпті әрі жауапты ұстаған сотталғандарға беріледі.

Menu