Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне қатысуға шақырды: Қазақстан құрылтайшы ел болады

|
📷 Фото: Ақорда
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне қатысуға шақырды: Қазақстан құрылтайшы ел болады

|
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа бойынша құрылып жатқан Бейбітшілік кеңесіне қатысуға ресми шақырту алды. Ал Қазақстанға осы кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болуды ұсынды, деп хабарлайды Aristocrat.biz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Доналд Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесін құрып жатыр. Бірнеше елдің басшыларына кеңеске құрылтайшы мемлекет ретінде қатысуға шақырту жолданды. Аргентина, Венгрия, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия шақыртуды алғандарын растап, оны қабылдауға келісім берген. Франция, Германия және БАӘ басшыларына да шақыртулар жолданды.

Шақыру жіберілген перзиденттердің қатарында Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Мұны мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады. 

“Бірнеше ел басшыларының мәлімдемелерінен кейін Дональд Трамптан осындай ресми шақырту келгенін жасыру дұрыс болмас еді. Иә, президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың қатарында ресми шақыртуды алғашқылардың бірі болып алды және Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болу ұсынылды. Оған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне шынайы алғысын білдіріп, хат жолдап, бұл жаңа ұйым құрамына қосылуға келісімін берді. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнатуға, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылыққа өз үлесін қосуға ниетті екенін тағы бір мәрте растады”, – деді Руслан Желдібай.

Сондай-ақ президенттің баспасөз қызметі бұл ақпаратты бұған дейін не себепті жария етілмегенін түсіндірді. 

“Біз бұл мәлімдемені Дональд Трамп әкімшілігінің ресми мәлімдемесінен бұрын жария етуді этикаға жатпайды деп санадық. Алайда процесс өз бетінше жүре берд. Бәлкім, келісім қабылданғаннан кейін Бейбітшілік кеңесіне қосылуға келісім берген елдердің толық тізімі жарияланар”, – деп атап өтті Руслан Желдібай.

Menu