Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 3,4 және 6 қаңтар күні Жангелдин ауылының төңірегі, Шадымантүбек, Бесмола және Бірмол аумағында 20 шақырымдық радиуста сүңгуірлер мен су дрондары жұмыс істеген., деп хабарлайды Aristocrat.biz. Алайда нәтиже болмаған.
— 6 қаңтарда Қарасу деп аталатын, көлемі шамамен 30-40 метрдей болатын көлдің асты қаралды. Мұздың астын тесіп, сүңгуірлер түсіру арқылы, сонымен қатар суасты дронын пайдалану арқылы аумағы шамамен 800 метр болатын су асты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда аталған іздестіру жұмыстары бойынша еш нәтиже берген жоқ, — деді департаменттің басқарма бастығы Жантөре Демешов.
Департамент бүгінде бұл жұмыстың тоқтағанын хабарлады.
Айта кетейік, жоғалған отбасыны іздестіру жұмысы өткен жылдың 25 желтоқсанында басталды. Өйткені олардың туысынан арыз сол күні түсті. Осыған байланысты Атырау облысында бір отбасының мүшелері іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ Атырау облысы Қызылқоға ауданында жоғалған тұрғындардың есепшоты уақытша бұғатталатынын, сол үйдегі қыз бен күйеубаланың шетел асып кеткенін жазғанбыз.
Көп өтпей жоғалған отбасыдағы ерлі-зайыптының денесі сарайдан табылғанын хабарладық.
Бүгін осы оқиға бойынша адам өлтірді деген күдікке ілінген 29 жастағы Махамбет ауданының тұрғынына іздеу жарияланды.