Мәжіліс ресми сайтында 98 депутаттың ішінен небәрі төртеуінің декларациясын жариялады. Олардың қатарында палата спикерінің жұбайының табысы туралы мәлімет те бар, деп хабарлайды Aristocrat.biz.
Декларацияға сәйкес, парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың жұбайы Гүлжан Абауова 2024 жылы 1 577 425 теңге табыс тапқан. Ал мәжіліс вице-спикері Альберт Раудың жұбайы Светлана болса 2024 жылғы табысы 10 804 608 теңгені құраған.
Ал мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның 2024 жылға арналған декларациясында жеке салық салынуға жататын табыстары туралы мәлімет жоқ, осыған байланысты олар жарияланбаған. Осындай себеп бірқатар басқа да мәжіліс депуттарынан байқалады, олардың да жұбайларының 2024 жылғы табыстары туралы деректер жоқ.
Сонымен қатар кейбір депутаттардың декларациялары жарияланбайды, себебі олар 2024 жылы әлі мәжіліс депутаты болмаған.
Мәжілістің ресми сайтында төмендегі депутаттардың декларациялары жарияланды:
- “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев 528 607 650 теңге көлемінде табысын декларациялаған. Декларацияда оның жұбайы – Ғалия Кенесбаевна туралы мәлімет те көрсетілген.
- “Қазақэнергосараптама” компаниясының бұрынғы басшысы Бауыржан Смағұловтың жұбайы Гүлмира Дүйсебекованың табысы 48 133 600 теңгені құраған.
Айта кетейік, 2024 жылдың қазан айында қаржы министрлігі саяси қызметкерлердің декларацияларын жариялау міндетті болатынын мәлімдеген еді. Алайда бұл талап президенттің, премьер-министрдің, парламент спикерлерінің, ҰҚК, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігі басшыларының декларацияларына қолданылмайды.
Еске салсақ, бұған дейін шенеуніктер арасында алғашқылардың бірі болып ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2024 жылғы табысы туралы мәліметтерді жариялаған еді. Жұманғариннің жұбайы Сәния Садықовамен бірге жалпы табысы 88 678 984 теңгені құраған.