Бас прокурор Берік Асылов заңсыз активтерді қайтару жұмыстарының екі жылдық нәтижесін атады, деп хабарлайды Aristocrat.biz..
- Соңғы екі жылда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде мемлекетке 1 трлн 300 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат пен мүлік қайтарылды. Осы қаражат есебінен еліміздің барлық өңірінде 434 әлеуметтік нысан салынды, - деді ол прокуратура органдарының бір жылдық жұмысын қорытындылаған жиында.
Айтуынша, осы 434 нысанның 150-ден астам салынып біткен.
- Оның ішінде 99 медициналық мекеме, 48 сумен жабдықтау объектісі, 2 спорт нысаны және 2 білім беру объектісі қолданысқа берілді. Олигополия субъектілерімен жалпы сомасы 5,2 трлн теңгені құрайтын инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру жөнінде келісімдер жасалды, - деді Бас прокурор.