Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

|
📷 ашық дереккөзден алынды
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

|
ашық дереккөзден алынды

Мәжіліс депутаты Қарақат Абден Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаевқа кішкентай балалары бар ата-аналардың қысқартылған жұмыс уақытын талап ету құқығы туралы сұрақ қойды, , деп хабарлайды Aristocrat.biz.

Кейбір ата-аналар балаларын балабақшадан алып кетуге немесе күнделікті күтімін ұйымдастыруға мүмкіндік ала алмай отыр. Бұған дейінгі заңнама бойынша ата-аналардың қысқартылған жұмыс уақытына құқығы бар, алайда іс жүзінде бұл құқығы толық қамтамасыз етілмей келеді, - деді депутат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев жауап ретінде жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек шарты жасалған кезде жұмыс уақытын келісуге болатындығын атап өтті.

Мысалы жұмыс күні таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін немесе таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін белгіленуі мүмкін, сондай-ақ сенбі күнін қосымша келісім арқылы жұмыс уақытына енгізуге болады, - деп айтты ол.

Вице-министр атап өткендей, егер жұмыс беруші қысқартылған жұмыс уақытына келісім бермесе, жұмыскер заңға сәйкес арыздана алады. Арыз мемлекеттік еңбек инспекциясына түседі және олар жағдайды бақылап, қажетті көмек көрсетеді.

Menu