Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлікті лизингке беру бағдарламасы іске қосылады

|
📷 Фото banki.ru
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлікті лизингке беру бағдарламасы іске қосылады

|
Фото banki.ru

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған жаңа автолизинг бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков Instagram парақшасында айтты. 

Енді азаматтар көлікті кейін сатып алу немесе кері қайтару шартымен лизинг арқылы алу мүмкіндігіне ие болады. Автолизинг бағдарламасы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша мүмкіндік болмақ, деп хабарлайды Aristocrat.biz.

"Көлік сатып алудағы қаржылық қиындықтар көптеген қазақстандықтарға таныс. Барлығында бірдей қымбат несие алуға немесе бастапқы жарнаны ұзақ жылдар бойы жинауға мүмкіндік жоқ", – деді Құсбеков.

Лизинг дегеніміз не

Автолизинг — бұл ұзақ мерзімді жалға алу түрі. Мұнда адам көлікті белгілі бір мерзімге (әдетте екі жылдан бес жылға дейін) ай сайынғы төлем арқылы пайдаланады. Бұл ретте көлік лизинг компаниясының меншігінде қалады, ал пайдаланушы тек жалға алушы болады.

Мерзім аяқталған соң клиент:

•    көлікті компанияға қайтара алады;
•    оны қалдық (қалған) құны бойынша сатып ала алады;
•    немесе жаңа келісімшарт жасап, басқа көлік ала алады.

Яғни, лизинг — бұл сатып алу мен жалға алудың аралық нұсқасы. Клиент көліктің толық құнын емес, тек оны пайдалану мерзіміндегі құнын және амортизациялық шығынды төлейді.

Menu