Мәжіліс “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” кодекске көмірсутек және уран секторында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады,, деп хабарлайды Aristocrat.biz.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің сөзінше, депутаттар бастамашы болған заң жобасы көмірсутекті барлау мен өндіруге инвестиция тартуға, сондай-ақ уран өнеркәсібінде мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған.
Құжатты екінші оқылымға дайындау кезінде депутаттар оның ережелеріне бірқатар түзету енгізді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатымен олар жоғары тұтқырлықты, битумды және тақтатас мұнайын қамтитын технологиялық тұрғыда күрделі кен орындарын игеру үшін арнайы құқықтық режим белгілеу ұсынылды.
Игеріліп жатқан аумақтар шегінде қосымша барлауды ынталандыру мақсатында келісімшарттық аумақтардың ауданы сақталған жағдайда қолданыстағы кен өндіру учаскелерін тереңдетуге мүмкіндік беру ұсынылады. Қазіргі кезде қолданыстағы өндіру учаскесінің шегінде терең көкжиектерді барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын тек аукцион арқылы алуға болады. Бұл норманың өзіндік қиын тұстары бар. Егер аукцион нәтижесі бойынша терең көкжиектерді барлауды жаңа жер қойнауын пайдаланушы ұтып алса, онда оған, сол кен орында жұмыс жасап отырған жер қойнауын пайдаланушының инфрақұрылымын пайдалану қиынға соғады, - деді депутат.
Сонымен қатар заң жобасының тағы бір жаңалығы – ауыр және тақтатас мұнайы сияқты өндіруі қиын көмірсутектерді игеруді ынталандыру.
Мұндай кендерді игеру қымбат технологиялар мен арнайы экономикалық жағдайларды талап етеді. Депутаттар осындай жобалар үшін жетілдірілген үлгілік келісімшарттың критерийлерін кеңейтуді ұсынды, өйткені тиісті қолдау шараларынсыз бұл жобалар іске асыру экономикалық жағынан тиімсіз болады, - деп түсіндірді Жаңбыршин.