Aristocrat.biz
Өзбекстанда доллар бағамы құлдырады
Pixabay

Өзбекстанда доллар бағамы құлдырады

Бүгін Өзбекстанда АҚШ доллары 34 сум 23 тиынға арзандап, 11 990 сумға теңелді. Бұл доллардың соңғы екі жылда тіркелген ең төмен бағамы, деп хабарлайды Aristicrat
 

Орталық банктің мәліметінше, қазанда доллар 0,64%-ға құлдырады. Ал жалпы жыл басынан бері Өзбекстанның ұлттық валютасы 7,2%-ға нығайды. Атап айтқанда, қаңтардан бастап бір доллар 12 904 сумнан 11 990 сумға дейін арзандады.

Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Тимур Ишметовтің айтуынша, ұлттық валютаның нығаюы сыртқы қарызды жабуға бағытталатын шығындарды 4,9 трлн сумға қысқартты. Ол атап өткендей, экспортқа шығарылатын тауарлардың 15%-ы және импортталатын өнімдердің 40%-ы доллар бағамына тікелей тәуелді.

Қоса кетейік, 2026 жылы Өзбекстан ішкі жалпы өнім көлемін 150 млрд доллардан асыруға ниетті. Сондай-ақ, жыл басынан бері ресми Ташкент алтын экспортын 70%-ға арттырды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды. Қамтылып отырған кезеңде ресми Ташкент Астанаға 1 млрд доллардың тауарын экспорттап, 2,4 млрд доллардан астам сомаға өнім импорттаған.