"Қымбат көлік, пәтер, жер": Қылмыстық топ адамдарды ұрлап, оларға несие рәсімдеген
Ақмола облысының прокурорлары қазақстандықтарды ұрлап, олардың атына несие рәсімдеген қылмыстық топты анықтады.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында бірқатар банктердің ("Kaspi Bank", "Forte Bank", "Еуразиялық Банк", "Jusan bank") қызметкерлері болған. Олардың қатысуымен 5 жылдан астам уақыт бойы алаяқтық әрекеттер жасалған.
Республика бойынша осындай қылмыстардың құрбаны болғандар 348 адамға жеткен. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңгені құрады. Тергеу барысында қылмыстық жолмен табылған мүліктер анықталды: Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленгеннің жалпы құны – 2,7 млрд теңге, - деп жазылған Ақмола облысының прокуратурасы хабарламасында.
Прокуратура аталған топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді.
Қазіргі таңда қылмыстық іс процесс қатысушыларына танысуға берілді, түпкілікті шешімді сот шығарады.
Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жариялауға жатпайды.