Өз салаңның Аристократы бол!
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті ресми іске қосылды

|
📷 Rafael Henrique/SOPA Images/LightRocket via Getty Images
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті ресми іске қосылды

|
Rafael Henrique/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Бүгін, 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастады, деп хабарлайды Цифрлық даму министрлігі.

Ведомтсво өкілдерінің хабарлауынша, бұл ел тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл 12 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талапты орындауды қамтиды.

Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тарифтер, қосылу шарттары және қосымша ақпарат SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланды.

Menu