Aristocrat.biz
ЖОО: 2025-2026 оқу жылына құжаттар қабылдау кестесі жарияланды
ашық дереккөзден алынды

ЖОО: 2025-2026 оқу жылына құжаттар қабылдау кестесі жарияланды

Қазақстанның жоғары оқу орындарына 2025-2026 оқу жылына қабылдау кезеңінің негізгі мерзімдері жарияланды, деп хабарлайды aristocrat.biz

Ғылым және жоғары білім министрлігі келесі ресми күнтізбені ұсынды. 

Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді; 

ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз; 

"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі; 

Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады; 

Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді; 

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады; 

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. 

Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар.