Перизат Қайрат сот үкімі шықты
Бүгін сот Перизат Қайратыт 10 жылға соттады.
Судья оның анасына 7 жыл бас бостандығынан айыру үкім кесті.
Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жүріп жатқанын, тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылғанын жазған едік. Қоғамда 2023 жылы Газа секторына көмек көрсету мақсатында жиналған 83 миллион теңге және басқа да қайырымдылық қаражаттарының қалай жұмсалғаны туралы күмән туындаған.
Прокуратура жалпы шығын 200 миллион теңгеден асады деп көрсетсе, жәбірленушілер бұл істі жай ғана алаяқтық емес, сенімге жасалған опасыздық деп санайды.