Aristocrat.biz
Перизат Қайрат ісі: Назарбаев мектебінінің ата-аналары шамамен 1 млн теңге жинап берген
Фото: nis.edu.kz

Перизат Қайрат ісі: Назарбаев мектебінінің ата-аналары шамамен 1 млн теңге жинап берген

 Елордада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот отырысында Biz birgemiz қорына әртүрлі көлемде қаржы аударып, зардап шеккен азаматтар жауап беріп жатыр.

Бүгінгі сот отырысында жауап алынған куәгерлердің бірі — елорда тұрғыны Сәуле Қуандықова. Оның айтуынша, 2024 жылы ата-аналар жарнамаға сеніп, қайырымдылық шарасына қатысуға шешім қабылдаған. 

— 2024 жылы мен физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ата-аналар комитетінің төрағасы болдым. Су тасқыны болғанда, зардап шеккен жандарға көмек ретінде қаражат жинауды бастадық. Осылайша, Biz Birgemiz қорының жарнамалық науқанына сеніп қалдық. Ата-аналар маған сенім артты. Қаражаттың мақсатсыз жұмсалғанын ескере отырып, толық жауапкершілік менің мойнымда болғандықтан, оны өтеу де өз міндетім деп санаймын. 2024 жылғы 15 сәуірде біз 901 855 теңге көлемінде қаражат аудардық, — деді Сәуле Қуандықова сотта жауап бере тұрып.